Сәкен мен Мағжанды атуға қанша уақыт кетті? - академик жауап берді (видео)
Академик, қазақтың тұнғыш антропологы Оразақ Смағұлов ұлт зиялылары Сәкен Сейфуллин мен Мағжан Жұмабаевты Совет Үкіметі қалай атқаны туралы айтып берді. Бұл туралы ол "Ашығын айтқанда" бағдарламасында баяндады.
- Cәкен Сейфуллинді атуға 25-ақ минут кеткен. Партиялық кабинет өзінің шпаргалкасын дайындайды мынаны атып тастау керек екенін. Содан соң келіп иммитация жасап сот деп шпаргалкасын оқып тұрып адамдарды атып тастай берген ғой. Мағжан Жұмабаевты 13-ақ минутта атып тастаған ғой. Әлемде ондай соттау процесі жоқ. Адамның тағдырын 13-25 минутта шығарған. Мен бүгінде юристермен экономистерге ренжимін. Біздің елде 70 жыл мемлекет құраған совет үкіметіне бүгінгі біздің академиктеріміз, докторларымыз, юристеріміз соған неге баға бермейді. Қаншалықты заңды немесе бандиттік мемлекет екені жайлы бір мақала жазылмаған - дейді Оразақ Смағұлов.