«Сіздер мені мақтауларыңыз керек» - экс-министр (видео)

Oinet.kz 03-03-2021 1802

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы актер Тұңғышбай Жаманқұлов екеуінің арасында болған жемқорлық дерегіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол «Ащы да болса, ақиқат» жобасында айтты. 

Арыстанбек пен Тұңғышбай.jpg

- Маған сол кезде 3 миллион долларды Ресейге аудар деді. Қалай мен аударамын Ресейге 3 миллион долларды. Шатақтың бәрі содан шықты. Сонда мен ол ақшаны алып қалдым. Ол Ресейдегі жалған ақпарат беретін компания. Үш жыл жұмыс істемеген. Сонда былай қарасаңыз сіздер мені мақтаудың орнына қазақтың керемет азаматы, 3 миллион долларды сақтап қалды деудің орнына бәрі жабылып 5 жыл өтіп кеткен нәрсені әлі айтып жатырсыздар. Тоқтату керек қой. Үш миллион долларды алып кетейін деп тұрған жерінен мен тоқтатып қалдым. Әрине, ол кісінің өкпесі бар. Бір күн отырды. Мен ешкімге қиянат жасап керегі жоқ деп, сол күні премия алғанмын. Карточкамнан аударып бердім. Бұл ұйымдастырылған дүние. Барлығы аман-есен - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Еске сала кетейік, актер Тұңғышбай Жаманқұлов 2016 жылы "Феникс" атты көркемфильмнің түсірілімдеріне бөлінген қаражатты жымқырды деп айып тағылған болатын. Ол кезде актер "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы" қызметін атқарған болатын. 

Экс-министр Елбасыға арналып төселген қызыл кілемге не себепті шыққанын түсіндірді (видео)
Қазақстан фильмді қуана-қуана қарсы алды деп естідім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу