Экс-министр Елбасыға арналып төселген қызыл кілемге не себепті шыққанын түсіндірді (видео)

Oinet.kz 03-03-2021 2827

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Елбасымен бірге қызыл кілемге шығып кету себебін түсіндірді. Бұл туралы ол "Ащы да болса, ақиқат" жобасында айтты. 

Арыстанбек.jpg

- Бақталастық деген нәрсе бар. Бәрі артыңнан аңдып жүреді. Бір шапканы кисең болды мынадай шапка кию керек. Президентпен бірге қызыл кілемде жүрді деп. Егер Елбасы жүр деп алып бара жатса жоқ мен жүрмеймін деп қарсы шықпаймын ғой. Мысалы сұрайды, ашылуы қай жерде болады деп. Ол машинаға мініп бара жатқан кезде сұрайды. Ал, ол сұрап жатқан кезде менің артта қалып қалғаным дұрыс емес. Сұраққа жауап бердім, артында қалып қойдым. Әр кезде шынайы қарау керек. Жақсылық бар ма? Бар. Жетістік бар ма? Бар. Халықаралық дәрежеге шықтық па? Шықтық - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады
«Сіздер мені мақтауларыңыз керек» - экс-министр (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу