Тоқаев депутаттарға үндеу жасады

Oinet.kz 25-02-2021 1064

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында сот процесінде прокурорлар мен адвокаттарды теңестіру туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Токаев.jpg

- Мықты, тәуелсіз адвокаттық қызметсіз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес. Мемлекеттік аппараттың тиімдігі көбіне адамдар мен кәсіпорындардың құқықтары мен мүдделерін кәсіби қорғауға мүмкіндік жасаумен байланысты. Елдегі кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділік деңгейі де осыған байланысты. Сондықтан бұл жерде адвокаттардың рөлін асыра бағалап жіберу қиын, - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Ол адвокаттардың проблемасын құқық қорғаушы Айман Омарова бірнеше рет көтергенін еске алды.

- Ұлттық кеңес мүшелерінің көп бастамасы "Кейбір заңнамалық актілерге адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрініс тапты. Мысалы, кәсіби этиканы, заң жөнінде көмек көрсету қағидаттарын сақтамауға байланысты адвокаттарды өмір бойына лицензиядан айыру туралы норманы алып тастау жөніндегі ұсынысты атап өтуге болады.

Сот процесінде прокурор мен адвокатты теңестіру жөніндегі новеллалар ерекше назарға лайық. Парламент мүшелеріне заң жобасын қарау кезінде осы ұсыныстарды назарға алуды сұраймын, - деді Тоқаев.

Полиция зейнеткердің ер адамды неге атқанын айтты
Сенатор үкіметтен ашаршылыққа қатысты құпия деректерді ашуды талап етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу