Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Екібастұздағы қылмыстың себебі белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz.
23 ақпанда кісі өлтіру фактісі тіркелді. Екібастұздың Сәтпаев көшесінде үйдің ауласында белгісіз ер адам шолақ мылтықпен қала тұрғынын атып кетті. Зардап шегуші алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деп күдікке ілінген 65 жастағы ер адамды ұстады.
Кісі өлтіруге жәбірленуші мен күдіктінің арасындағы тұрмыстық және жұмысқа байланысты ежелден келе жатқан дүрдараз қарым-қатынас түрткі болғаны анықталды, - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.