«Шыны керек» - белгілі блогер «Адал» партиясы туралы шындықты айтты (видео)

Oinet.kz 27-01-2021 1611

Белгілі экономист, блогер Дәулет Төлеутайұлы "Адал" партиясын Тимур Құлыбаевтың партиясы деп сыбыс таратқандарға жауабын берді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты  барысында айтты.

Тимур мен Дәулеттен.jpg

- Тимур Құлыбаевпен бірге өзім шай да ішкен жоқпын, өмірі бетпе-бет кездеспеген адаммын. Партия Тимур Құлыбаевтікі деген әңгіме де жүрді. Әблязов, Соррос демеушілік жасайды деді. Одан кейін Болат Назарбаевтың да беріп жатқан ақшасы бар. Шыны керек мен олардың ешқайсысын өз көзіммен көріп, өзім солармен бірге жеке кездесу ешқандай болған емес. Сондықтан да мен қаңқу әңгімелердің ешқайсысына сенбеймін. Шыны керек - деді Дәулет Төлеутайұлы. 

Еске сала кетейік, сайлау алдында "Адал" партиясының соңында қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев тұр деген қаңқу әңгімелер тараған еді. 

Шымкентте дендросаябаққа жаңа басшы тағайындалды
«Қазіргі стоматология бұрынғыдай емес» - Ілияс Жүнісбек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу