Головкинді нокаутқа түсіремін деген «Канело» күлкіге қалды
ESPN журналисі Дэвид Фэйтельсон мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинді үшінші кездесуде нокаутқа түсіремін деген уәдесін келеке қылды, деп хабарлайды Oinet.kz Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
- Өзімді осы салмақта жақсы сезінемін, Головкинді нокаутқа түсіріп, тіпті, майып қылуым әбден мүмкін" - Сауль Альварес Геннадий Головкинмен трилогиясы туралы осылай айтты, жекпе-жекті қазірден қыздырып жатыр. "Эль Канело" - бұл бұрынғыдан мүлдем басқа "Канело". Головкин "дірілдеп" жатқан шығар, - деп жазды ол Twitter желісінде.