Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні
17-05-2021
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Oinet.kz.
Құжат кедендік ақпараттық база мен «Бір терезе» жүйесінің жұмысын жақсартуға бағытталған. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуіне, адамдардың қатысуын барынша азайтуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін айтарлықтай қысқартуға бағытталған.
Жүйелерді ақпараттандыру сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың өтініштерін қарау және шешім қабылдау үшін уақытты қысқартады.
Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібін қайта қарау іскерлік ахуалға да оң әсерін тигізеді. Камералдық кедендік тексеру уақыты 6 айдан 2 айға дейін қысқарады.