Канелоның бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді
Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварестің бапкері қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге мүдделі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Эдди Рейносо Канелоның Головкинмен тағы бір жекпе-жек өткізуіне қарсы емес екенін растады.
- "Жекпе-жек Мексикада болғанын қалаймын. Бұл жекпе-жекті Гвадалахарада немесе Мехикода өткізе аламыз. Головкин Канелоның есімін атаған жоқ, желтоқсанда Жапонияда Муратаға қарсы жекпе-жегі жоспарланған. Онда не болатынын көрейік, мүмкін (осыдан кейін) Канело - Головкиннің үшінші жекпе-жегін өткіземіз", - дейді жаттықтырушы Эдди Рейносо.