Головкин Канеломен үшінші жекпе-жектің шартын атады

Oinet.kz 24-11-2021 858

Forbes журналисі Джош Кацовиц қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль Канело Альвареспен үшінші жекпе-жегі туралы пікірін білді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

image.png

Кацовиц GGG-мен сөйлесіп, одан Канеломен трилогия туралы сұрады.

- Альвареспен тағы бір жекпе-жек өткізбесең мансабыңда бос орын болады деп ойламайсың ба", - деген сұраққа Головкин: "Бұл менің мансабыма ешқандай әсер етпейді. Мен өзімді жайлы сезінемін. Канело туралы маған бәрі түсінікті. Егер халық жекпе-жектің өтуіне қызығушылық білдірсе, барлығы өткенін қаласа бұл жекпе-жек өтеді. Мен әрқашан дайынмын. Әрине, Канелоның не ойлайтынын ешкім білмейді, - деп жауап берді.

Еске салайық, боксшылар 2017-2018 жылдары Лас-Вегаста кездескен болатын. Бірінші жекпе-жекте жеңімпаз анықталмай, екіншісінде Альварес ұпай саны бойынша алға шыққан.

Головкин рингке 29 желтоқсанда Токиода оралады. Ол WBA Super белбеуінің иегері жапондық Риота Муратамен біріктіру матчын өткізеді.

DAZN-дің айтуынша, олардың жанкүйерлері жеңімпаз кім болатынына қатысты әлі де пікірталастырып жатыр.

- Головкин мен Альварестің қайта кездесуіне аз уақыт қалды. 39 жастағы Головкиннің жеңіске жетуі екіталай сондықтан Альвареске орта салмақтағы IBF белдігіне үміткер болуға мүмкіндік береді. Альварес Плантты жеңгеннен кейін, өзінің мансабынан барынша пайда табуға деген ұмтылысын талқылады. Рound-for-pound санатында екінші орын алған боксшыны жеңу оның түйіндемесін жақсартатынын айтты, - делінген DAZN басылымында.

Альварестің өзі Калеб Плантты жеңгеннен кейін Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. GGG де келісті.

Елбасының Nur Otan саяси кеңесі отырысында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды (видео)
Үш баласымен бірге қаза болған әйел туралы біраз мәліметтер табылды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу