Елбасының «аты» өшті
17-02-2023
Күні кеше елордада Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзінің толық видеосын жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz.
Саяси кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдады. "Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының төрағасы өкілеттігін беру туралы шешім қабылдады.
Ол партияны ел президенті басқаруы керек екенін атап өтті. Өкілеттікті беру рәсімі партия жарғысына сай жүзеге асады" , - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Кейіннен ол Елбасының Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін Тоқаевқа тапсыру туралы шешімін түсіндірді. Жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаев "Елдіктің жеті тұғырын" атады.