«Жамбыл Сталиннің туфлиін керемет шеберлікпен жалаған» - Мұхтар Шаханов (видео)

Oinet.kz 17-12-2020 6327

Қазақ ақыны, драматург Мұхтар Шаханов Жамбыл Жабаев туралы күтпеген мәлімдеме жасады. Жамбыл Жабаевты Сталиннің туфлиін махаббатпен жалаған деген сөзін айтқанына еш өкінбейтіндігін жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Мұхтар Шаханов, Жамбыл Жабаев.png

Журналистің, "Жамбыл Жабаевты ел сыйлайды ғой, неге олай айттыңыз?" - деген сауалына өз жауабын берді. 

- Жоқ. Былай болды. Жамбылдың туған жерінде менімен кездесу болды. Алдыменен Жамбылдың немерелері, шөберелері, шөпшектерінің барлығын таныстырды маған. Содан кейін бір әйел шығып, Мұхтар аға сіз шыншыл ақынсыз ғой Жамбылға қалай қарайсыз? – деді. Мен Жамбылға өте үлкен құрметпен қараймын дедім. Құрметпен қарайтын себебім Жамбыл Сталиннің туфлиін керемет шеберлікпен жалаған, қыртыс-қыртысына шейін жалаған туфлиін. Сондықтан, туфли жалау жағынан Жамбыл бірінші орын алды дедім. 99 жасқа келгенде солардың ішінде туфли жалаудың шебері екендігін көрсетті деп едім, Жамбыддың немерелері, шөберелері, шөпшектері басын төмен салып отырып қалды. Сол жерде бүкіл ел орнынан тұрып қол соғып жіберді. Сңздер мұндай батылдыққа барады деп ойлаған жоқ едім, сіздер әр кезде  Жамбылдың туфли жалағыштығын еске алыңыздар, парасат биігінен көріне беріңіздер дедім. Оның да көп өлеңдерін біреулер жазып берген ғой – деді Мұхтар Шаханов. 

Путин Қазақстанмен өзара іс-қимыл нығая түсетініне сенім білдірді
Гүлзира Айдарбекова Арбатта сиыр етін сатып, бәрін өткізіп жіберді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу