Путин Қазақстанмен өзара іс-қимыл нығая түсетініне сенім білдірді
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Путин қос ел арасындағы өзара іс-қимыл мен қарым-қатынастың одан әрі дамуына сенім білдірді.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуда қол жеткізген жетістіктері, әлем аренасындағы беделі мен өзекті халықаралық проблемаларды шешудегі роліне жоғары баға берді.
- Ресей президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты байланысты одан әрі дамытуға, сонымен қатар, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ және басқа да құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етілетініне сенім білдірді, - делінген хабарламада.