«Мені өлгендердің ортасына апарып тастады» - Мұхтар Шаханов (видео)

Oinet.kz 17-12-2020 2414

Мұхтар Шаханов жас күнінде қатты ауырып, өлім алдынан қалғанын жеткізді. Бұл туралы Ол Нартай Аралбайұлымен сұхбат барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

Шаханов.png

– Мынадай жағдай болды. Жастау кезім. Сонда мен қатты ауырып, ауруханаға түстім. Қатты ауырдым, есімнен танып қалдым. Сосын әйелім жедел жәрдем шақырып, сонымен алып кетіп, содан кейін есімнен танып құлап қалыппын. Содан кейін, мені өлді деп, өлгендердің ішіне апарып қойыпты. Өлгендерді жинап қойған жер бар екен, сол жерге апарып қойыпты. Сол кезде Құдайдың құдіреті телефоным шылдырады. Ол кезде телефон жаңадан шығып жатқан кез. Телефон шылдырады. Көтерсем Шыңғыс Айтматов. Мұхтаржан не болды? Ол кезде Брюссельде елші болып істейтін. Ол жақта түнгі сағат 4-5-тің кезі. Саған телефон соққым кеп кетті дейді. Мен командировкаға кетіп бара жатқан едім өлгендердің ішіне қосып қойыпты. Сөйтіп айқайладым бір кезде. Адамдар келіп, тірі екен ғой деп ап кетті – дейді Мұхтар Шаханов.  

«Мені өлтірмекші болды» - Мұхтар Шаханов (видео)
Путин Қазақстанмен өзара іс-қимыл нығая түсетініне сенім білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу