Гүлзира Айдарбекова Арбатта сиыр етін сатып, бәрін өткізіп жіберді (видео)
Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова журналист Аман Тасығанның бағдарламасында Алматыда Арбатта ет сатты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
- Арбатта көбіне жастар қыдырады. Бұл ет сататын жер емес. Бірақ, бағымызды сынап көрейік, - деп танымал продюсер Аман Тасығанмен бірге ет сатуға кірісіті.
Сиыр етінің келісі - 2000 теңгеден бағаланды. Гүлзира ханымның қолы жеңіл болып, сатылуы тиіс барлық ет өтіп кетті. Ет алушылар Айдарбековмен бірге естелікке фотоға түсті.