«Жұқағали Бұқатаев деп атаймыз дедім» - Мұхтар Шаханов (видео)
Белгілі ақын, драматург Мұхтар Шаханов Мұқағали Мақатаев туралы естелікті жеткізді. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Біз Қазақстан Жазушылар Одағында жас ақындардың шығармаларын талқылап отырған едік. Мұқағали кіріп келді, денесі мендей екеу келеді. Сөйтіп санады 65 адам екенбіз. Содан кейін әрқайсың бір-бір сомнан бермесеңдер көкелеріңді танытамын деді. Барлығы жинап берді. Содан кейін 2 сом жетпейді ғой деді. Сізді біз аға деп сыйлап келдік, енді бүгіннен бастап жұқалық мінез көрсеткеніңіз үшін, әрбір адамнан бір сомнан жинап бұқалық мінез көрсеткеніңіз үшін сізді бұдан кейін Жұқағали Бұқатаев деп атаймыз дедім. Жұрттың бәрі ду күлді. Міне болған оқиға осындай, оның алып тастайтын жері жоқ. Міне осылай. Таза шындық! – деді Мұхтар Шаханов.