​ТОО геоминерал ұжымымен экспромт-кездесу

Oinet.kz 17-12-2020 1039

Төлеби ауданы.jpg

Төлеби ауданындағы тау етегі -- Алатау ауылдық округінде минералды ауыз су шығаратын қуатты цех толыққанды жұмыс жасап тұр. Берекесі тасып, бірлігі жарасқан осы ұжыммен танысу, Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Н.Қойбағаров, Н.Клушев, Х.Аширбеков, Ф.Қалтаева жолға шықты. Алатау ауылдық округінде орналасқан кәсіпорынға барып, экспромт-кездесу өткізді.  "Геоминерал" ЖШС төрағасы Махаммедов Рустамбек 40 шақты адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың орташа айлық жалақысы 70-80 мың теңге көлемінде. Мұнда жұмысшыларға бар жағдай жасалған. Асхана, демалатын орын, гүлденген аула жұмысшылар үшін абаттанып, керекті заттармен жабдықталған. COVID - 19 пандемиясына қатысты барлық санитарлық талаптар сақталып отыр.

Төлеби Нұр Отан.jpg

Цех аумағында жер асты суын шығаратын өз  скважинасы бар. Тәулігіне 8000 дана (5-10 литр) асханалық-минералды су шығарып отырған серіктестік өнімі сұранысқа сай басқа облыстарға жөнелтіледі. Пробирка іспетті капсулалар осында арнайы жабдықта үрленіп, дайын болады екен. Қым-қуыт қайнаған жұмыспен танысқан кандидаттар өз кезегінде жұмысшыларға еліміздің билік партиясының бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп, олардың да ұсыныс-тілектерін тыңдады.

«Жұқағали Бұқатаев деп атаймыз дедім» - Мұхтар Шаханов (видео)
Тоқаев Макронның тезірек сауығып кетуін тіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу