Тоқаев Макронның тезірек сауығып кетуін тіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Oinet.kz.
Бұл туралы ҚР президентінің Twitter-дегі парақшасында жазылды.
- Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!, - деп жазды Тоқаев.