Жәнібек Әлімханұлы жарақат алып қалды
03-02-2021
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конуэллден жеңіліп, титулынан айырылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Он раундқа жоспарланған кездесу тоғызыншы раундттан соң тоқтатылды.
Бокс кеші Лос-Анджелес қаласындағы Wild Card Boxing аренасында өтті. Әшкеев пен Конуэлл арасындағы кездесу кештің басты айқасы болды. Онда бірінші орта салмақтағы USNBC және USBA титулдары сарапқа салынды. Біріншісі - қазақстандықтікі болған, екіншісі - оның қарсыласына тиесілі.
32 жастағы Әшкеев кәсіпқой бокстағы 15-ші кездесуінде алғаш рет жеңіліс тапты. Ол қалған 14 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен еді. 7 кездесуде қарсыластарын нокаутқа түсірген. Ал жеңіліп көрмеген 23 жастағы Конуэлл бүгін 14-ші кездесуін өткізді. Ол он жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.