Ресейлік газет мұқабасын Қазақстан территориясы туралы мәлімдемеге арнады (фото)

Oinet.kz 18-12-2020 1439

Ресейлік "Новая газета" басылымы 2020 жылдың 18 желтоқсанындағы шығарылымының мұқабасын Ресей депутаттарының Қазақстан жері туралы айтқан даулы мәлімдемелеріне арнады, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Никонов.png

Газеттің №140 шығарылымының мұқаба "үш қабатты дипломаттар" деп аталды. Онда басылым "СІМ балқандармен, ал "Единая Россия" Қазақстанмен қарым-қатынасты бұзды" деп жазған.

Мақалада Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың "Қазақстан аумағы - Ресейдің үлкен сыйлығы" деген сөзіне қатысты жағдай сипатталған. Мемлекеттік Думаның басқа бір депутаты Евгений Федоровтың да мәлімдемесі жазылған.

- Никоновтың, Федоровтың және басқа да олардың "жақсатсарының" тұжырымдары бірнеше дәлелдерге негізделген. Солтүстік Қазақстанда, олардың көзқарасы бойынша, негізінен орыстар тұрады, бұл тың игерушілердің ұрпағы, ал бұл жерлер - Оңтүстік Сібірдің бөлігі, жанында - Оңтүстік Орал тұр. Ал қазақстандық мамандар бұлған мүлде келіспейді: республикада орта ғасырларда Солтүстік Қазақстан аумағында қазақ тайпалары өмір сүрген деп мәлімдеген атақты археолог Әлкей Марғұланның зерттеулері үлкен беделге ие, - деп жазылған Ресей газетінде.

Басылым басқа дәлелдерді де келтірген. Алайда шекарада қандай да бір мәселелер болса, олар 15 жыл бұрын толығымен шешімін тауып қойғаны атап өтілген.

Российский газет.png

- 2005 жылы екі ел мәселелерді шекара туралы шарт негізінде ратификациялаған. Елдердің бір-біріне ешқандай шағымы жоқ: Ресейдің Қазақстанның солтүстік бөліктеріне, Қазақстанның Орынборға, - деп жазылған басылымда.

Мақалада "Кремльдің Қазақстанның қандай да бір бөлігін аннексиялау жоспары жоқ" екені де жазылған.

- Кремльдің шын мәнінде Қазақстанның қандай да бір бөлігін аннексиялау жоспары жоқ: ортақ шекарасы 7,5 мың шақырым елмен қарулы қақтығыс бастау үшін абсолют өзін-өзі өлтіруші болу керек шығар. Бірақ ресми Мәскеудің үнсіздігі - Думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Виктор Водолацкийдің түсіндірмесі негізсіз болып көрінеді, - делінген мақалада.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы алғаш рет жеңіліс тапты
Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Zoom платформасында кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу