Ақтөбе облысының әкімі айына қанша жалақы алатынын айтты

Oinet.kz 27-10-2020 926

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жалақысының мөлшерін жариялап, отбасы иелігінде не бар екенін айтты. Аймақ басшысымен болған сұхбат "Диапазон" басылымында жарық көрді. 

image.png

Облыс әкімі аударымдар мен салықтардан алып тастағанда айлық табысы 775 106 теңгені құрайтынын айтады. Оңдасын Оразалин шенеуніктердің табысы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі мен қызметтік жалақыға байланысты екенін атап өтті. Облыс әкімінің жұмыс өтілі 20 жылдан астам. Сонымен қатар Оңдасын Оразалин сұхбат барысында анасы және әйелімен бірге үлкен үйдегі жақсы пәтерде тұратынын айтты. Үй 20 жыл бұрын олардың өз жобасы мен дизайны бойынша салынған. Осы уақытқа дейін әкімінің отбасымен бір үйде жақсы көршілер тұрады екен. Аймақ басшысының Нұр-Сұлтанда тұратын үш ересек баласы мен немересі бар. 

- Балалардың өзінің пәтері мен көлігі де бар. Қажетті атрибуттар, біз бұлардан фетиш жасамаймыз, бұл өмір сүруге қажет, – дейді Ақтөбе облысының әкімі. 

Сонымен бірге басылым Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың айына қанша жалақы алатынын жариялады. Басылымның мәліметінше, оның айлық табысы 380 мың теңге. 

Талдықорғанда жаппай төбелес барысында оқ атылды
Қазақстанда жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу