Талдықорғанда жаппай төбелес барысында оқ атылды

Oinet.kz 27-10-2020 861

Талдықорғанда бір топ жігіт арасында жаппай төбелес орын алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

image.png

Талдықорған қаласы ПБ Шығыс ҚПБ кезекші бөліміне бассейн ауданында төбелес шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полиция жасағы жастар арасында төбелес болғанын анықтады. Басына оқ тиген 21 жастағы жергілікті тұрғын ауруханаға жеткізілген.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оқ атқан күдіктіні бір сағат ішінде анықтап, ұстады. Талдықорған қаласының 18 жастағы тұрғынынан тәртіп сақшылары пневматикалық тапанша тәркіледі. Ол кінәсін толық мойындады.

Ұсталған адам оқты бұзақылық ниетпен атқанын және оған қатты өкінетінін жеткізді. Облыстық ауруханада дәрігерлер жәбірленушінің басынан төрт оқ алған. Сот-медициналық және басқа да қажетті сараптамалар тағайындалды.

АҚШ ғалымдары коронавирустың екінші толқыны қашан басталатынын айтты
Ақтөбе облысының әкімі айына қанша жалақы алатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу