Бүгін елімізде Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы басталды

Oinet.kz 12-08-2020 1338

Бүгін, яғни 12 тамызда елдің барлық облысында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 17 депутатының сайлауы өтетін болады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

85e1f13a3d86e536a9453bf828053691.jpeg

Парламент Сенатының депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды.

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Парламент Сенатындағы 17 орынға 46 кандидат үміткер болып отыр.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3069 мәслихат депутаты енгізілген.

Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында дауыс беру күні онлайн бақылау сервистері жұмыс істейтін болады:

- таңдаушыларды тіркеу (астана уақыты бойынша сағат 10.00-11.00) https://election.gov.kz/kaz/erv_diagrams/diagram.php;

- дауыс берудің алдын ала қорытындысын шығару https://election.gov.kz/kaz/erv_diagrams/preliminary_results.php.

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК телеграм-каналында жарияланатын болады - https://t.me/electionelection.

 Баспасөз қызметі 

Қазақстан Республикасы 

Орталық сайлау комиссиясы

Облыс әкіміне қарсы шыққан Сандуғаш Тұрлыбекова сотқа тартылды (видео)
Қазақстанда өткен тәулікте 691 адам коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу