Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
«Ақжүніс Аналар» еріктілер ұйымының Қызылорда облысындағы өкілі, қоғам белсендісі Сандуғаш Тұрлыбекова әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы қоғам белсендісі Facebook (видео сілтемеде) парақшасында айтты.
Оның үстінен іс қозғалуына көршісі Ғалия Бекмұхамбетова себепкер болған. Бұрын соңды екі рет сотқа тартылған Сандуғаш бұл істі өзінің қоғамдағы белсенділігімен байланыстырып отыр. Оның өзінің айтуынша, екінші қабаттағы үйін су кіргізу үшін маманмен сөйлесіп тұрған көрінеді. Сол сәтте, жандарында тап бола кеткен екі көрші әйел ауыздарына келгенін айтып, оны балағаттай жөнелген.
- Біз ұрысқан жоқпыз. Сөздеріне мән бермей кетіп қалдық. Сөйтсек, "мені балағаттады" деген шағыммен полицияға арыз жазыпты, - дейді қоғам белсендісі.
Ендігі жерде, Сандуғаш Тұрлыбекова әділетсіз жағдайға тап болғандығын жеткізіп, қалың көпшіліктен көмек беруін сұрауда.
- Қазақстанда әділдік қашан орнайды. Кішкентай ауданда мынадай қудалау. Сот әділ болса. Бұрынғы алқа билер нақтылығын шешкен ғой. Мүмкін көршілер болғаннан кейін бұлардың арасында басараздық бар шығар. Айтпаған нәрсемді айтты қып тұр бұлар. Мені қолдаймын, қорғаймын деген кісілер болса маған келіп көмектесіңіздер. Бұл арыздың түбінде не тұр. Шын ба? Рас па? Құрметті қазағым, мені қолдаймын дегендер. Маған жақсы адвокат, жақсы заңгер керек. Бұлар нақақтан нақақ неше түрлі нәрсені істей беретін болды. Арызданушыға барлық нәрсені үйреткені көрініп тұр. Өйткені ол заңды білетін адам емес, - деді Сандуғаш Тұрлыбекова.