Үкімет басшысы коронавирус өршіп тұрған облыстар туралы бар шындықты айтты
Үкімет басшысы Асқар Мамин короновирус өршіп тұрған облыстарды атады, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.
Асқар Мамин азық-түліктің қымбаттауына байланысты әкімдерге шүйлікті
Үкімет отырысында Мамин инфекцияның тәуліктік өсімі азайып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар, жазылғандардың да саны артқанын жеткізді ол.
- Коронавирус инфекциясы тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсімі 1,2 пайыздан аспайды. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандың 69,4 пайызы жазылды. Қалған науқастар қажет медициналық көмек алып жатыр. Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді, - деді ол үкімет отырысында.
Мамин министрліктің мәліметіне сүйене отырып, коронавирустың таралуы бойынша алдыға шыққан өңірлерді атап, эпидемияға қарсы шараларды күшейту керегін айтты.
- Бұл - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары. Сонымен қатар, инфекцияның репродуктив деңгейі бірден жоғары облыстар бар. Бұл - Қостанай, Ақмола облыстары. Мұнда жағдай күрделі. Осындағы әкімдер эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге баса назар аудару керек, - деді Асқар Мамин.