Қайтарымы әп-сәтте болады деп ойламадым
13-09-2022
Даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіров туралы қалың көпшілік арасында жылы естеліктер айтылуда. Олимпиада чемпионымен көзі тірісінде дастархандас болған Асхат Садырбай ол кісінің өз аузынан естіген мына бір оқиғаны сөз етті. Бұл туралы журналист Instagram парақшасында жазба қалдырып, бейнежазба жария етті.
- Былтыр Жақсылық ағамен бірге ауыз ашып, әңгімесін тыңдап, ерлігі мен азаматтығына тағы бір рет тәнті болып едік. Қазақтан шыққан тұңғыш чемпион тобығы тайып, аяғы ісіп кетсе де намысты қолдан бермей белдесуге шыққан. Жеңіске жетіп, қуанып жатқан сәтінде не қалайсың десе, ағамыз ауылын сағынған екен, бір кесе қымыз болса депті... (видео жеке мұрағатымнан, 2019 ж), - дейді журналист Асхат Садырбай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram