Жаңаөзенде балалар ауруханасының қызметкерлері қомақты ақша жымқырған

Oinet.kz 09-06-2020 1119

Жаңаөзенде балалар ауруханасында екі қызметкер 37 миллион теңгеден аса ақша жымқырған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

photo_68135.jpeg

Маңғыстау облысының прокуратура өкілдерінің айтуынша, аурухана қызметкерлері интернет-банкинг арқылы негізсіз аударымдар жасап, кейін бюджет қаражатын жеке шоттарына аударған.

Осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасының өндірісіне алынды.

"Бүгінде мемлекетке келтірілген шығын толықтай өтелді", - деді прокуратурадағылар.

Әлібиге қатысты апелляциялық іске нүкте қойылды
Белгілі режиссер қазаққа Қытайдан төнер қауіп туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу