Тоқаевтың шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін

Oinet.kz 12-03-2020 996

COVID-19 вирусына байланысты президенттің шетелге сапарлары қысқаруы мүмкін. Ал мемлекеттік қызметкерлердің шет мемлекеттерге іс-сапарлары тоқтап тұр, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

AttVLBg0.jpg

Кеше ғана бас санитар дәрігер коронавирус ел аумағында тіркелуі мүмкін екенін айтып, жұртты дүрліктірген. Дегенмен бүгін қауіпті дерт белгісі табылған жоқ.

Анар Жайылғанова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы:

- Коронавирусқа байланысты ешқандай мемлекеттік қызметте қазір шектеу жоқ. Құдайға шүкір, қазір бізде, Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдардың тізілімі жоқ. Әзірге шетелдердегі іс-сапарлардың бәрі тоқтап тұр.

Ал Сыртқы істер министрлігі "Президент сапарларында өзгеріс болуы мүмкін бе?" деген сауалға нақты жауап бере алмады.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі берген мәлімет мынадай: 11-ші наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3974 адам бақылауда тұр. 90 адам дене қызуымен және жұқпалы респираторлық вирус инфекциясымен емдеуге жатқызылды. Оның 52-сі шығарылған. Қалған 38 науқас стационарда жатыр.

ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады
Дариға Назарбаеваға әлемдік "Paigham-e-Pakistan" 2020 бейбітшілік сыйлығы табыс етілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу