ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы Женевадағы брифингте ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген Twitter-дегі ДДҰ бетінде.
Еске салайық, пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді.
11 наурыздағы жағдай бойынша жаңа коронавирус COVID-19 жұқтырудың жалпы саны 118 елде 121 564 адамды құрады. 4373 адам қайтыс болды.