Нью-Йорк соты Мұхтар Әблязовты 53 млн теңге төлеуге міндеттеді
Мұхтар Әблязов Алматы әкімдігі мен БТА Банкіне 53 миллион теңге төлеуі тиіс. Мұндай шешімді Нью-Йорк соты шығарды. Бұл соманы талапкерлер адвокатқа жұмсаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Америкалық соттың шешімі еліміздің Әділет министрлігінің сайтында жарияланған.
Ведомствоның хабарлауынша, талапкерлер өткен жылдың жазында өтініш берген. Олар соттан Әблязовке процеске қатысудан және дәлелдемелер ұсынудан бас тартқаны үшін қосымша санкциялар қолдануды сұраған. Талапкерлердің өтініші қанағаттандырылған.
Сол кезде сот келесі отырыста Әблязовқа өз пайдасына дәлелдер келтіруге рұқсат бермеуге кеңес берген. Мұндай шара Әблязов өзінің кінәсін растайтын дәлелдерді жасырғаны үшін ұсынылған. Министрліктің айтуынша, істі алқабилер соты қараған.
Нәтижесінде Алматы қаласының әкімдігі мен БТА Банкі өткен жаздағы процесс барысында адвокаттарының шығындарын өтеу туралы сотқа өтініш берген.
Талапкердің дәлелдерін зерделеп, сот олардың өтінішін қанағаттандыруға шешім қабылдады. 7 ақпанда Мұхтар Әблязовтан 53 миллион теңге өндіру туралы шешім шығарылды.
Төлем осы жылдың 7 мамырына дейін жасалуы керек.