Дариға Назарбаева: «Димаш тек отандық аяқ киімімен сахнаға шықса жақсы болар еді»

Oinet.kz 04-03-2020 2977

Бүгін Сенатта еліміздегі жеңіл өнеркәсіп тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Аталмыш жиын барысында Сенат төрағасы Дариға Назарбаева отандық өнімдерді жарнамалау үшін эстрада, спорт және өнер жұлдыздарын тарту керектігін және сол үшін ақша аямау керектігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

1051ec78-25e3-47b2-a6bd-060ee0bdc59f.jpg

- Мен кішкентай пайдалы мысалмен бөліскім келеді. Қазақстандық дизайн үлгісіндегі жейделерді Еуропа нарығы жақсы қабылдады. Жақында біздің өнімдеріміз Lafayette (Galeries Lafayette - авт.) және басқа да желілерде пайда болады. Қазақстанда ішінара өнім шығару мүмкіндігін қарастырып жатқанымызды атап өткім келеді. Әрі қарай Alibaba арқылы Америка, Еуропа, Қытай нарықтарына жеткізу жоспарымызда бар, - деді кәсіпкер Мәди Сыпатаев.

Ол өзінің брендін жарнамалау үшін Димаш Құдайбергенмен және қазақстандық спортшылармен ынтымақтастық орнатуға дайындалып жатқанын атап өтті.

- Меніңше, бұл тәжірибе Қазақстанның тауарларын насихаттауға және алға жылжуына, еліміздің танымалдылығына жақсы әсер етуі мүмкін. Өйткені олар бізді киім-кешектер арқылы танитын болады. Егер біз мұны көбірек істеп, осы негізде насихаттайтын болсақ және мемлекет тарапынан қаржылай көмек немесе басқа субсидиялар түрінде болса, бұл жеңіл өнеркәсіптің ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның алға жылжуын одан әрі жақсарта алады, - деді кәсіпкер.

Ал Сенат спикері тауарларды жарнамалау үшін танымал адамдарды тартудан ақша аямау керектігін айтты.

- Бұл жарнама мен маркетингтің қалай жұмыс істейтіндігінің ең жақсы үлгісі. Бұдан ақша аяуға болмайды. Табысты компаниялар үнемі танымал әрі атақты адамдарды өздерінің өнімдерін насихаттауға тартады. Қазақстанда отандық өнердің, эстраданың және спорттың жұлдыздары баршылық. Егер де Димаш Құдайберген тек отандық фабриканың аяқ киімімен сахнаға шықса, өте жақсы ғой. Сондай-ақ, отандық өндірушілердің киімдерін кисе, оңтайлы нәтиже болатыны анық. Бұдан бөлек, бізде осы саладағы спорттық өнімді жарнамалауға қауқарлы спортшыларда аз емес. Осы шараларға уақыт пен қаржы бөлу керек. Бұл тұрғыда өнер әрі спорт жұлдыздары өздерінің үлесін қосуға дайын деп ойлаймын, - деді Дариға Назарбаева.

Нью-Йорк соты Мұхтар Әблязовты 53 млн теңге төлеуге міндеттеді
Дүниежүзілік банк коронавируспен күреске 12 миллиард бөлді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу