Әйгерім Жәкішева әкесінің бостандыққа қалай шыққанын айтты
Мұхтар Жәкішевтің қызы Әйгерім Информбюроға берген сұхбатында шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандыратын вердиктты жариялау кезінде соттың шешіміне сенер сенбесін білмегенін айтады.
Әйгерім Жәкішева қазір Лондонда. Ол әкесін екі аптадан кейін құшақтайтын күнді асыға күтіп жүр екен.
"Менің телефоным қоңыраудардан жарылып кете жаздады. Шешімді хабарлап жатқан кезде, оны босатпайтындарын айтып жатты, сенгім келмеді... Отбасымызбен соттың шешіміне қуанып та отырмыз, бір жағынан қорқыныш та басым. Енді тек 15 күн бойы соттың шешімінің өзгермеуін күтеміз, сосын барып әкемізді алып кетеміз", - деді Әйгерім.
"Менің әкем бостандыққа шығуының себебі неде? Айтуға қиын. Тіпті ешкім дұрыс жауабын білмейтін болар. Оны көргенімде не дерімді де білмеймін. Бәлкім ұзақ құшақтасатын шығармыз", - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған болатын. Ол жемқорлық үшін 14 жылға сотталған еді.