Асқар Мамин жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды

Oinet.kz 24-12-2019 1015

Бүгін Үкімет отырысында ҚР премьер-министрі Асқар Мамин әріптестеріне ауа райына байланысты жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.  

боран, дауыл.jpg

Өткен аптада ауа райына байланысты жолдағы жағдай нашар болды. Қар мен жаңбыр жауып, 11 облыста жол жабылды. Олар: БҚО, Ақөбе, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Атырау, Ақмола, СҚО, ШҚО, Қостанай облыстары. БАҚ және SMS-хабарламалар арқылы жолға шықпау туралы ескертілді. Бірақ осы ескертулерге қарамастан, көптеген жүргізуші жолға шығып кетті, - деп баяндады ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Министр 16-22 желтоқсан аралығында болған 104 жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 адам көз жұмғанын атап өтті. Ал премьер-министр осы мәселеге қатысты нақты тапсырма берді.

Жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – аса маңызды міндет. Алдағы уақытта ауа температурасының төмендеуі күтіледі деп болжанып отыр. Осы ретте жолдағы жылыту және тамақтану пунктері дайын болуы керек. Өңірлер әкімдіктері осы мәселені бақылауда ұстауы керек. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Қазавтожол" компаниясы автожолдарды қардан тазарту үшін барынша техника тартуы тиіс. ІІМ автожолдарда кезекшілік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырсын, - деп тапсырды Мамин.

Мұхтар Тайжан Димаш Құдайбергенге ақыл айтып сынайтындарды сынға алды
ІІМ: «WhatsApp-тан жеке куәлік пен банк картасының фотосын жіберуге болмайды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу