Мұхтар Тайжан Димаш Құдайбергенге ақыл айтып сынайтындарды сынға алды
Танымал қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан өзінің Фейсбуктегі парақшасында Димаш Құдайбергенге ақыл айтатындарды сынға алды деп хабарайды Oinet.kz.
"Ютубты қарасам, қазақта не көп, ми я ақыл көп екен. Ақыл-кеңес айтуға құмармыз. Сен былай бүйтпе, былай сөйт. Тек іске келгенде данышпандарымыз жоғалып кетеді. Саясатта солай екенін білесіздер. Ал енді сол данышпандар Димаш баламызға ақыл айтқыш болып кетті. "Жұлдыз болғың келсе, сен былай жаса" деп ақыл айтып жатыр.
Ол күлкілі емес пе өзі Құдайға шүкір, Димашты Қытай, АҚШ, Еуропа, Ресей жұлдыз ретінде баяғыда мойындап отыр. Миллиондаған фанаттар қазақ әңдерімізді жатқа меңгеріп сайрап жүр! Димашқа ақыл айтуды қойыңдар, оған бізден тек ақ тілектеріміз керек! Тіл-көзден Жаратқанның өзі сақтай гөр, жолың әрқашанда ақ болсын!....", - деп жазды қоғам белсендісі.
Еске сала кетейік, жақында "Орда" тобының әншісі Есболат Беделхан Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктағы шоуда сахнаға домбырамен шыққанын қолдамап еді.