Арман Жүдебаев қос жанары көрмейтін күйші баланың арманын орындады (видео)

Oinet.kz 12-12-2019 1221

Қарағандыда қос жанары көрмейтін күйші жігіт тұрады. Нұрдәулет Сағатбек домбыра үнінен төгілген күйді естіп үйренеді. Бүгінде жарық әлемнің ғажабын көре алмайтын жеткіншектің арманы орындалды. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевпен кездесті. Бұл туралы Nur.kz порталына сілтеме жасаған Oinet.kz.

Арман Жүдебаев.jpg

Студияға анасымен бірге келген Нұрдәулет жиырма шақты күй біледі. Қос жанарынан айырылған ол бабаларымыз сияқты құйма құлақ. Өзі осыған дейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаевпен кездесіп, күй ойнауды армандаған.

Қарағандылық таланттың бойындағы дарыны жайлы естіген консерватория ректоры да кездесуге бірден асығыпты. Ол Нұрдәулеттің әндерін әлеуметтік желіден тыңдап, дарынына тәнті болған екен. Ақырында өнерпаз жеткіншекпен жүздескен Жүдебаев онымен бірге Нұрғиса Тілендиевтің "Әлқисса" күйін орындады.

Ректор күйші жігітті алдағы концертке алып шыққысы келетінін де жасырмады.

"Келесі жылы өз жеке шығармашылық концертімді өткізуді жоспарлап отырмын. Соған міндетті түрде Нұрдәулетті шақырамын. Сол кезде дүйім жұрттың алдында "Әлқиссаны" орындаймыз",- деді ол.

Ол Нұрдәулетке қазақтың қасиетті домбырасын сыйға тартты. Айта кетейік, Арман Жүдебаев 2013 жылдың кыркүйегінен бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері қызметін атқарған. "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, 2018 жылы "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы атанған.

Шымкент қаласында Құран кітап тегін таратылды
Отандық медицина тәжірибе алмасу арқылы дамиды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу