Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте дәрігерлер осылай деді. Оңтүстік Корея республикасына барып, әлем мойындаған үздік клиникаларда тәжірибе жинақтап қатқан аурухана басшыларының айтуынша, Оңтүстіктің денсаулық сақтау саласына жыл басынан бері енгізіліп жатқан электронды жүйе аталған мемлекетте сәтті жүзеге асуда. Емдеу мекемесіне келген науқас ары-бері сабылмай өзіне қажетті медициналық көмек пен қызмет түрлерін бір терезе арқылы алады.
Облыс әкімінің қолдауымен, Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен медицина туризмін қарқынды дамытқан елге дәрігерлерді жіберудегі мақсат – медицина мамандарының кәсіби біліктіліктерін арттыру, осы саладағы озық технологияны меңгеріп, елімізде ендіру.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Оңтүстік Кореяға барған дәрігерлік топтың жетекшісі Ибрагим Ташев өңірден барған делегация компютерлік-ақпараттық жүйенің жұмыс тәртібімен, медициалық сақтандыру жүйесінің ерекшеліктерімен, инсульт алған науқастарға көрсетілетін көмек, инсульттан кейінгі реабилитация жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен танысқанын атап өтті.
«Біз ең алдымен үш ауруханадан тұратын СЭМ медициналық клиникасының жұмысымен танысудан бастадық. Госпитальда медицинаның барлық салалары бойынша жасақталған бөлімшелерінде кәсіби мамандар жұмыс ітейді. Барлығы да заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, заманауи талаптарға сай келетін емдеу кешендері қатарына кіретін Аджу университетінің клиникасы жұмыстарын көрдік. Онда бар-жоғы 80 студент дәріс алады. Клиника ұжымының айтуынша, бұл үздік медициналық мамандарды дайындаудың кепілі екен», - дейді Ибрагим Ақжолұлы.
Халықаралық медициналық орталық болып табылатын Аджу университетінің ауруханасы орташа есеппен күніне 4700 адамға қызмет көрсетеді. Бірнеше мамандандырылған орталығы мен бірнеше ғылыми-зерттеу институттарын қоса алғанда 49 бөлімшеден тұрады. Науқастарды тікұшақпен де қабылдай алады екен.
Мұнымен қоса оңтүстікқазақстандық 20 дәрігер Кёнги провинциясының вице-губернаторы мен денсаулық сақтау министрінің қабылдауында болды. Онда қос тарап провинция медицина саласының жетістіктері мен медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысы жайлы сөз қозғаған.
Кёнги медициналық академиясында ұйымдастырылған форумда Оңтүстік Кореяның медицинасы мен озық технологиясы таныстырылып, оңтүстікқазақстандық дәрігерлер денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе алмасу дәрістерін тыңдаған.
20 дәрігерге таныстырылған Сонгнам қаласында орналасқан Бобат ауруханасында цереброваскулярлық аурулары бар адамдарға айрықша көңіл бөлінеді. Оларға неврология, оңалту медициналық бөлімшелерінде сәйкесінше емдеу шаралары жүргізіледі. 2002 жылы құрылған аурухана бүкіл өмірін науқастарға арнаған чех отбасылық жұп Бобаттың құрметіне ашылған.
Ал, Сеулдегі Корей университетінің Анам клиникасы Оңтүстік Кореяның ең жоғары стандарттарға сай медициналық қызмет көрсететін ең үздік халықаралық емдеу мекемесі саналады. Ғылыми-зерттеу орталығы деген ресми статусы бар клиника аталған мемлекеттің Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысымен алты бағытта шетелдіктерге көмек көрсетеді. Аритмияны емдеу, робототехникалық тиреоидэктомия (қалқанша безін алып тастау), тоқ ішектің қатерлі ісігі робототехникалық хирургиясы, асқазан обырының бастапқы кезеңінде эндохирургия, құлақ қалқаны және тіс имплантациясы пластикалық хирургиясыны көмектеріне шетелдіктер көбірек жүгінеді екен.
«Оңтүстік Кореяда медицина туризіміне айрықша көңіл бөлінген. Ауруханаларында білікті дәрігерлер саны аз болғанмен орта буынды медицина мамандары өте көп. Екі науқасқа бір мейіргер қызмет етеді. Науқастарға жан-жақтама көмек көрсетіледі. Медицинасы науқасқа қарай бейімделген. Кореялықтарда омырау безі обыры өте ерте кезеңдерінде анықталады. Бұл омырау обырының көптігінің белгісі емес. Керісінше, бірінші кезекте аурудың алдын алудағы халықтың өздерінің денсаулықтарына деген өте жоғары жауапкершілігін білдіреді. Сосын клиникалардың замануи медициналық құрылғылармен қамтамасыз етілуі мен емдеу мекемелерінде білікті дәрігерлер жұмыс істеуі дертті дер кезінде анықтауға көмектеседі. Жалпы бұл елде обыр дерті дендеген адамның 5 жыл өмір сүруі 65 пайызды құрайды. Бұл әлемдегі өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі. Бізге берілген меліметке сенсек, басқа дамыған елдермен салыстырғанда инсульттен қайтыс болатын науқастар мұнда 20 пайызға аз» дейді топ жетекшісі.
Оңтүстік Кореяда мықтап қолға алынған медициналық сақтандыру жүйесінің тарихы да терең екен.
«Оңтүстік Кореяда медициналық сақтандыру 1965 жылдан бастап енгізілген. Бірақ он жылға дейін іс жүзінде жұмыс жасамаған. 1976 жылы 500 адамы бар фирмалар, сосын арада бір жыл өткен соң елдегі әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлер сақтандыру жүйесіне өткізілген. Солай бірте-бірте ендіру нәтижесінде бұл елде медсақтандыру 1988 жылы ғана толығымен іске асқан. Бүгінде оңтүстіккореялықтардың айлық табысының 20 пайызы медсақтандыру қорына аударылып отырады. Қаржы жеткілікті болған соң клиникалардың жаңа құрылғылармен жабдықталып, пациенттерге заманауи үлгіде диагностикалық және емдік көмек көрсетуіне мүмкіндік бар, медициналық қызмет сапасы жан-жақты дамытылған. Бірақ, Оңтүстік Кореяда Сеул университетінің ауруханасынан басқасының бәрі жекеменшік және олардағы барлық медициналық көмектер толығымен ақылы. Мысалы, онкологиялық емнің онкүндік толық курсы 24 мың долларды құрайды» - деді Ибрагим Ақжолұлы.
Арыс аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Әлімбаевтың айтуынша, Оңтүстік Кореяда емхана деңгейінде медициналық қызмет көрсетудің 30 пайызы науқастың қаржысынан, 70 пайызы медициналық сақтандыру есебінен өтеледі. Стациорнарлық деңгейде 80 пайызы медсақтандыру қорынан төленеді. Сырқат кісі 20 пайызына қаражат жұмсайды. Тағы бір айтатын жайт, пластикалық хирургия мен жаңадан енгізіліп жатқан жоғары техологиялық емдеу шаралары медсақтандыру жүйесіне кірмейді. Сосын көпбалалы, жағдайы жоқ отбасыларға арнайы коммиссия шешімімен дәрігерлік көмек көрсету медсақтандыру жүйесіне енгізу оларда енді қаралып жатыр.
«2018 жылдың екінші жартысынан бастап елімізде медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгелі жатыр. Оның алғашқы қадамдары жасалуда. Облыс әкімінің қолдауымен, Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Кореяға тәжірибе алмасуға бір топ дәрігерді жіберудің бір себебі де осы – медсақтандыру. Біз олардың жарты ғасырлық тәжірибесінен озық, басым жақтарын алып, қателіктерін қайталамауға қарекет жасап жатырмыз. Дегенмен, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дәрігерлердің күшімен ғана енгізілетін жүйе емес. Бұл бәріміздің қатысуымызбен іске асады. Сондықтан медсақтандыру жүйесінің елімізде қашан толық орындалатыны барлығымыздың іс-әрекетімізге байланысты» деді Арыс аудандық ауруханасының бас дәрігері Ерғали Сәдуақасұлы.
Ал, Шардара аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова Оңтүстік Кореядағы жағдай Қазақстанда да бар екенін алға тартып, отандық медицинада емдеу түрлерінің озық технологиялары кезең-кезеңімен енгізіліп жатқанын жеткізді. «Оңтүстік Қазастанда облыс әкімдігі мен Денсаулық басқармасы басшылығы биылдан бастап өңірдегі емдеу мекемелеріне енгізуді қолға алынған электронды жүйе ол жақта жақсы жолға қойылған екен. Біз барған мемлекетте адами құндылық өте жоғары деңгейде бағаланады және емдеу шаралары науқастың ұстанымына бейімделу арқылы жүргізіледі. Емдеу мекемесіне келген науқастың тіркелуінен бастап, ауруханаға жатқызу, тексерулерге бағыт-бағдар беру, клиникада жасалған емдік шаралар қорытындысы, бәрі бір терезе арқылы жүзеге асады. Бұл электронды жүйенің жемісі. Яғни, бұл облысымыздағы енгізіліп жатқан жұмыстардың алдағы уақытта оң нәтиже беретінін көрсетеді» деді Жанар Мықтыбекқызы.
Еске сала кетейік, Биыл сәуір айының алғашқы онкүндігінде Оңтүстік Корея республикасының бір топ үздік дәрігерлері Шымкентте Қазақстанның әр өңірінен келген медицина мамандарына мастер-класстар өткізіп, дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліскен еді. Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы 4 клиникасымен ынтымақтастықты арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен Корея Республикасы денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты (KHIDI) арасында түзілген ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын.
Тараптардың бірлескен жұмыстарды дамыту шеңберіндегі өзара уағдаластығы аясында Оңтүстік Кореяға барып, тәжірибе жинақтаған дәрігерлердің қатарында шалғайдағы елдімекендерде орналасқан емдеу ұйымдарының мамандары да бар.
Жалпы сапар қорытындысымен дәрігерлер облыста халық арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жандандыру, БМСК деңгейін көтеру, аудандық ауруханаларда реабилитация бөлімшелерін ашу, инсульттің алдын алу және реабилитацилық көмекті жандандыру және осы жұмыстарға қоғамдық ұйымдар мен әкімшілік қызметкерлерді жұмылдыру бойынша жұмыстарды дамыту қажет деп түйген.
Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында Оңтүстік Корея республикасының бір топ үздік дәрігерлері Шымкентте еліміздің әр өңірінен келген медицина мамандарына мастер-класстар өткізіп, дәріс оқып, тәжірибелерімен бөліскен еді. Онда Оңтүстік Кореяның алдыңғы қатарлы 4 клиникасымен ынтымақтастықты арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Корея Республикасы денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты (KHIDI) арасында түзілген ынтымақтастық меморандумына қол қойылған болатын. Сол уағдаластық бойынша Оңтүстік Кореяға барып тәжірибе жинақтап қайтқан дәрігерлердің қатарында шалғайда орналасқан аурухана мамандары да бар.
Бұған дейін ОҚО әкімінің бастамасымен облыста өткен жылдың желтоқсан айынан бастап, кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында жүз шақты дәрігер Түркияға барып тәжірибе алмасып қайтқан болатын. Өз кезегінде Франция, Түркия, Ресей, Моңғолия мемлекеттерінің үздік мамандары Шымкентке келіп, Оңтүстіктің ғана емес, еліміздің салалық дәрігерлерімен тәжірибелерін бөлісіп, мастер-кластар өткізіп жүр. Аталған елдермен отандық медицинаны дамыту туралы екіжақты меморандумдар түзілген. Бұлардың барлығы ОҚО-ның денсаулық сақтау саласына әлем медицинасының озық үлгілерін енгізуге жасалған қадамдар болып табылады.
Ким ХЕН ЧОЛЬ,
Оңтүстік Корея профессоры, гепатолог-трансплантолог:
– Сәуір айында Шымкентке қаласына алғаш рет келгенімізде облыс әкімдігімен денсаулық саласын дамыту және медицина мамандарының кәсіби біліктіліктерін арттыру туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатынбыз. Уағдаластық бойынша бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстаннан біздің елге барып тәжірибе жинақтап қайтқан мамандар аз емес. Сол келісім негізінде біз облыс дәрігерлеріне көмектесіп жатырмыз. Алғаш келгенде теориялық дәріс оқыған болсақ, енді үш дәрігер болып келіп, практика жүзінде тәжірибемізбен бөлісіп, науқастарды бірге емдеймыз. Осы сапарымызда Денсаулық сақтау басқармасының басшысымен облыстың мейіргерлерін де Оңтүстік Кореяға іс-тәжірибе жинақтауға жіберетін болып келістік.
Мұқан ЕГІЗБАЕВ,
ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– Оңтүстік Қазақстан облысы мен Оңтүстік Корея арасында түзілген меморандум бойынша жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгінге дейін Оңтүстік Кореяға облыстық клиникалық ауруханасының 6 дәрігері, сосын аудандық ауруханалардың 20 бас дәрігері барып, тәжірибе жинақтап қайтты. Енді келесі жылдан бастап емдеу мекемелерінің бөлім меңгерушілері мен аға мейіргерлерді біліктіліктерін арттыруға, үйренуге жіберетін боламыз. Қыркүйек айында ол жақтан онколог мамандар Шымкентке келіп, облыстық клиникалық ауруханада науқастарды қабылдап, тегін медициналық көмек көрсетіп, дәрігерлік консультациялар берді. Енді келесі айда дәрігер-хирург келіп ота жасайды. Жоспар бойынша, келесі айда Латвия мемлекетінен 6 дәрігер келіп, неонатологтар мен реаниматологтардың біліктіліктерін арттыруға көмектеседі. Жылдың соңына дейін Израйль мемлекетіне де бірнеше бас дәрігерімізді жібермекпіз. Мұндай тәжірибе алмасу дамыған мемлекеттерде бұрыннан бар. Қазір білікті мамандарымыз да жүрек ауыстыруға дейінгі оталарды өзімізде жасап жүр. Облысымыздың медицинасы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бірақ, біздің қолымыздан бәрі келеді екен деп, шет елдердің озық клиникаларындағы әріптестермізбен тәжірибе алмаспасақ, уақыт көшіне ілесе алмай қаламыз. Біз бір-бірімізден үйрену арқылы отандық медицинаны дамыта аламыз.