Шымкент қаласында Құран кітап тегін таратылды
Шымкент қаласында Halifa-Al Nahaian Аqmeshitі орталық мешітінің бастамасымен "Оқы! Жаратушы Раббыңның атымен" атты қайырымдылық шарасы өтті, деп жазды muftyat.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Шара аясында бас имам орынбасары Ахметжан қажы Керімбек, Кувейт мемлекеті «Дүниежүзілік қайырымдылық» қорының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, доктор Ясир Мухаммад Али мырза сөз сөйлеп, ықылас пейілін білдірді.
Қайырымдылық шарасы аясында қала мешіттері мен медреселерге 1000 дана қасиетті Құран Кәрім тегін үлестірілді.
Аталған шараға қаржылай қолдау білдірген Кувейт мемлекеті "Дүниежүзілік қайырымдылық" қорының Қазақстандағы өкілдігіне алғыс білдіреміз.