Елжан Біртанов: «Электронды сигареттерді дәстүрлі темекілерге теңестіру керек»

Oinet.kz 16-10-2019 991

image.png

Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңнамалық тұрғыда электронды сигареттерді темекілерге теңестіруді көздеп отырғанын айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл мәселені құқықтық база аясында шешу үшін заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, электронды сигареттерді, вейпингтерді дәстүрлі темекілерге теңестіру керек. Бізде дәстүрлі темекіге деген талап қатал. Мейрамханада, қоғамдық орындарда темекі шегуге болмайды. Алайда бұл жерде мәселе заңнамалық түрде реттелмеген жаңа өнімдерде болып тұр. Күні ертең мен Парламентте заңнамаға енгізілетін жаңа өзгерістерді таныстырамын. Ол бойынша жоғарыда аталған өнімдер қатаң реттелетін болады», - деді Елжан Біртанов елордада өтіп жатқан тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Қазақстанда барлық телерадио тарату жұмысы уақытша тоқтатылады
Божко: «Мені әбден қаралады, таққан айыптарының барлығы өтірік»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу