Ахметжановтың артықшылығы...
22-04-2021
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев әріптестерімен болған жиында сауда-саттық саласындағы жемқорлықпен жеңудің жолын атады.
"Тәжірибе көрсеткендей, сатып алу саласы көлеңкелі экономиканы жандандыратын және жемқорлық тудыратын саланың бірі. Сондықтан Ұлттық палатамен ("Атамекен" ҰКП) бірлескен жұмыстың тағы бір бағыты - бюджетті қалыптастыру кезінде де, оны игеру кезінде де баға комплаенсін енгізу. Жасыратыны жоқ, көбінесе бюджетке салынатын бағалар жемқорлық мүдделері үшін әдейі қымбаттатылады. Осыған орай біз нақты бағалар мен іске асырылған шарттар негізінде қандай да бір сатып алудың бюджетін қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бюджетін "ұлғайтуға" мүмкіндік бермейді. Осылайша, үлестес компаниялардың баға ұсыныстары негізінде бюджеттік жоспарлау артта қалады.
Цифрлық теңгені тез арада енгізу – сатып алудағы жемқорлық проблемасының іргелі шешімі, бұл бюджет қаражатын игерудің бүкіл процесін қадағалауға мүмкіндік береді, "қолма-қол ақша" схемаларын және жалған кәсіпорындар құруды тоқтатады", - деді Алик Шпекбаев.