Ахметжановтың артықшылығы...
Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағалығанан босатылған Алик Шпекбаев енді осыменен құрметті демалысқа кетеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыс-түйіске байланысты айтқан түсініктемесі осыны аңғартады.
-Оның жетекшілігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте көп жұмыстар атқарылды. Агенттік айтарлықтай жаңартудан өтті. Adaldyq alany, Antikor ortalygy, Adal bilim сияқты бірқатар антикоррупциялық жобалар мен бастамалар іске асырылды. Алик Жатқамбайұлына осындай жемісті еңбегі үшін алғыс білдіремін,-деді президент. Алик Шпекбаевтың тұсында жемқорлармен күресте жаңа әдіс-тәсілдер қолданысқа енгізілді. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағандарға сыйақы беріле бастады. Парақорларға айыппұл салу жазасы қолданылды. Алайда бұл әдіс-тәсіл баянды болды деуге болмайтын сияқты. Себебі соңғы уақытта бұл тәжірибеден бас тартуды Шпекбаевтың өзі де қозғай бастаған болатын.
Ал Шпекбаевтың орнын басқан Марат Ахметжанов көпшілікке белгілі тұлға. Еңбек жолын прокуратура органдарында тергеушіліктен бастаған. 2003 жылдан Павлодар облысының прокуроры қызметін атқарып, 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды. Сол жылы оңтүстікқазақстандық сәбилер ауруханада жаппай ВИЧ дертін жұқтырып, мұның соңы үлкен шуға ұласты. Ахметжанов облыс прокуроры ретінде тексеру, қылмыстық істерді қадағалау шараларына басшылық жасады. Осы кездері медицина саласындағы көптеген жөнсіздіктер жолға қойылды. Қайғылы жағдайдың қайталанбауы үшін прокуратураның ұсынысымен Шымкентте медициналық құралдарды залалсыздандыратын орталық салынды, ауруханалардың материалдық-техникалық базасы жақсарды, жансақтау бөлімшелерінің жұмысына өзгерістер енгізілді.
Кейбір сарапшылар Ахметжановтың бұрынғы Бас прокурор Рашид Түсіпбековпен кадрі екендігін айтады. Оның рас-өтірігін кім білсін, бірақ Ахметжановтың прокуратура саласындағы басшылық қызметтері Түсіпбековтің Бас прокурор болған жылдарымен сәйкес келеді. 2012 жылы Түсіпбеков Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағалығына тағайындалды. Ахметжанов осы органға ауысып, төрағаның орынбасары қызметіне кірісті, кейін агентіктің Атырау облыстық департаментіне жетекшілік жасады. 2016 жылы Бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды. Енді міне, ол антикорға бірінші басшы болып қайта оралды.
Ахметжановтың артықшылығы ол бұған дейін өзін принципшіл, нақты істі дұрыс көретін қызметкер ретінде танылған. Жаңа қызмет оны қай қырынан танытар екен?