Өзі президент, өзі премьер, өзі спикер

Oinet.kz 22-04-2021 2161

Түркіменстанда Конституция бойынша президент әрі Үкімет басшысы болып есептеледі. Ата заңға сәйкес президентке Парламент палаталарының депутаты болуына тыйым салынған. 

Screenshot_3.jpg

Алайда осыған қарамастан ел президенті Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов Парламенттің жоғарғы палатасы Халық мәслихатының төрағасы болды. Осылайша Аркадағ әрі президент, әрі премьер-министр, енді міне, әрі Сенаттың спикері лауазымын иеленді.   Ол сонымен бірге президент ретінде армияның бас қолбасшысы, бұдан бөлек Түркіменстанның Демократиялық партиясының төрағасы қызметін атқарады.  

«Азаттықтың» хабарлауынша, алғашқыда Аркадағ төрағалыққа кандидаттардың тізімінде болмаған. Президент өзінің төраға болғанын Халық мәслихатының алғашқы отырысында мәлім еткен. Бердымұхамедовтың Конституцияға қайшы әрекеті көпшілікті аң-таң қалдырып отыр. Президенттің атқарушы орган мен заң шығарушы органға басшылық жасауы жалпы әлемдік тәжірибеде жоқ. Бұл Түркіменстанда демократия қағидаларының аяқасты болғанын көрсететін сияқты. 

Халық мәслихатында 56 депутат бар. Оның 8-ін президент тағайындайды.  

Ғұрбанғұлы Бердымұхамедов Түркіменстанның президенті қызметін 2006 жылдан бері атқарады. Жуырда оның ұлы Сердар Бердымұхамедов вице-премьер, дәлірегі әкесінің тікелей орынбасары лауазымына тағайындалған болатын. Көпшілік Сердардың әкесінің тікелей мұрагері екендігіне күмәнданбайды. 

Ахметжановтың артықшылығы...
Лукашенкоға қастандық жасамақ болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу