Лукашенкоға қастандық жасамақ болған

Oinet.kz 22-04-2021 1795

Белоруссияның президенті Александр Лукашенко өзіне және оның балаларына қастандық жасамақшы болған топтың ұсталғанын хабарлады. 

Screenshot_4.jpg

Президенттің айтуынша, ұсталғандар өздерінің жоспарларының бәрін жайып салған. Күдіктілер Мәскеуде қолға түскен. 

-Мен Ресей президертіне және ФСБ-дағы (Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі) Саша Бортниковқа өтініш айтқан соң олар құрықталды,-деді Лукашенко журналистерге берген сұхбатында. 

Президенттің мәлімдеуінше, Ресей президенті Владимир Путин америкалық әріптесі Джо Байденмен әңгіме барысында АҚШ-тың арнаулы қызмет орындарының Беларусь президетіне қастандық жасамақ болғанын айтқан. Алайда АҚШ президенті бұған қатысты  ешқандай жауап қатпаған.

Реседің Федералдық қауіпсіздік қызметі сондай-ақ, Мәскеуде Беларусьте әскери төңкеріс жасамақ болған екі азаматты ұстаған. Олардың бірі қос азаматтығы бар Юрий Зянкович АҚШ пен Польшада арнайы нұсқау алып, Мәскеуге келген. Ол Беларусьтің Қарулы күштерінің өкілдерін әскери төңкеріске қатысуға көндірмек болған көрінеді. «Сыбайластар кездесуге келген кезде  Ресейдің қауіпсіздік органдары қызметкерлерімен ұсталып, беларустық әріптестеріне берілді»,– делінген хабарламада. 

Сыбайластар әскери төңкерісті 9 мамырда Минскіде өтетін Жеңіс шеруінен кейін жасауды жоспарлағанға ұқсайды. 

Өзі президент, өзі премьер, өзі спикер
Су жаңа Сауран ауданының тұңғыш әкімі тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу