Су жаңа Сауран ауданының тұңғыш әкімі тағайындалды
Ғани Рысбеков Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі болып тағайындалды.
Ғани Құрмашұлы 1962 жылы 8 сәуірде Түркістан қаласында туған. Еңбек жолын 1979 жылы Түркістан қаласында Чапаев атындағы колхозда жұмысшы болып бастаған.
1980-2020 жылдар аралығында Түлкібас жеміс-жидек зауытының жұмысшысы, Целиноград облысы Балхаш ауданы Веселовский совхозының аға агрономы, Түркістан ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, меңгерушісі, Түркістан қаласы жастар ісі спорт және туризм басқармасының бастығы, Түркістан қаласы әкімдігінің шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесінің бастығы, Түркістан қалалық мәслихатының хатшысы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Кентау қаласының әкімі, Түркістан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары-хатшылық меңгерушісі болып түрлі қызметтер атқарған.