Ауыл шаруашылығы министрі жерді сату керектігін айтты

Oinet.kz 24-04-2021 10669

24 сәуірде жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында ауылшаруалышығы министрі Сапархан Омаров ауылшаруашылығы жерлерін сатуды қолдап сөйледі деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Arasha.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

– Өзінің бизнесін тиімді дамытқысы келетін қазақстандықтарға ұзақ мерзімге жалға алумен қатар ауылшаруашылығы жерлерін жекеменшікке сатып алуға рұқсат беру мүмкіндігі болуы керек. Сондықтан ауылшаруалышығы министрлігінің ұстанымы: Жерді пайдалану екі институтын да қазақстандықтар үшін ұзақ мерзімге жалға алуды да сатуды да сақтап қалу қажет. Қазақстандық жер пайдаланушылардың ауылшаруашылық алқаптарына жекеменшік құқығы мен жалға алу құқығының экономикалық немесе шаруашылық тұрғысынан қайсысы қолайлы болса соны өз бетінше таңдай алу құқығы болуы тиіс деп санамыз. Егер біз ашық бәсекелестік пен тиімді кәсіпкерлік құруға ұмтылсақ, ерте ме кеш пе Қазақстанда ауылшаруалышығы жеріне толыққанды жекеменшік және оны сатып алу, сату бойынша еркін нарық пайда болады, – деді министр.

Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысында жерді сату мен жекенменшікке беруге 5 жыл мораторий жарияланатын болып, комиссия мүшелері осындай тоқтамға келген мәлім.

Су жаңа Сауран ауданының тұңғыш әкімі тағайындалды
Жерді сатуды қолдаған Рахым Ошақбаев кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу