Ахметжановтың артықшылығы...
22-04-2021
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің басшысы Алик Шпекбаев коронавирус індеті тұсында өз халқының қасіретінің арқасында байып қалуға тырысқан шенеуніктер жайлы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«2020 жыл адамзат тарихындағы ең ауыр жылдардың бірі болды. Бұрын-соңды болмаған стресс-тестті бүкіл әлем бойынша Мемлекеттік аппараттар өтіп, азаматтардың сенім деңгейінің кең көлемде төмендеуіне тап болды. Пандемия жағдайында, билік өкілеттіктеріне ие адамдарға үміт артқан кезде, арсыз (безпринципные) шенеуніктер мен топ-менеджерлер заңнан да, Құдайдан да қорықпай, өз лауазымдарын жоғары табысты жеке бизнес ретінде қабылдады, бюджет қаражатын жымқырып, жүйелі түрде пара алды. Өз халқыңның қасіретімен баю сатқындық пен кісі өлтірумен тең», — деді Алик Шпекбаев өткен жылдың қорытындысы бойынша есеп беру алқасында.