Жолдаудағы кәсіпкерлікті қолдау шаралары түсіндірілді

Oinet.kz 16-10-2022 615

Бүгін Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Жеке кәсіпкерлікті ынталандыру перспективалары» тақырыбында кездесу өтті. 

Screenshot_2.jpg

Онда Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігі Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Хайрулла Сәрсенов жас кәсіпкерлерге Жолдауда айтылған бизнесті қолдау шараларын түсіндіріп берді. 

—Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі екенін атап өтті. Бұл бағыттағы үлкен жаңалық ретінде еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жас азаматты жұмыспен қамту жөніндегі бастаманы айтуға болады. Сондай-ақ, Президент жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле беретінін, оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие берілетінін айтты. Менің ойымша, шындығында бұл бастамалар қоғамның  үйлесімді әрі әділетті болуын қамтамасыз етеді, — деді Х.Сәрсенов. 

Айта кетейік, кездесуге қатысушылар кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асыру жөніндегі ойларын ортаға салып, өздерін мазалаған сауалдарын қойды.

Алматыда «Президент сайлауы: жаңа саяси дәуірге қадам» атты аймақтық отырысы өтті
Әділетті, әрі ашық қоғам қалыптастыруды қолға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу