«Карл» ірімшіктерін алатын адам көп

Oinet.kz 21-09-2024 486

hq720.jpg

Сайрам ауданының дәмді де тәті сүт өнімдері бүкіл елімізге таралады. Оған жыл сайын сұраныс көлемі артып келеді. Сүт өнімдерін сатып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер ауданда аз емес. Соның бірі – «Рассвет» шаруа қожалығы. 1997 жылы құрылған кәсіпорын әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Алғашқыда отбасылық кәсіп болып ашылған бұл кәсіпорында бүгінде 20-дан астам жұмыс істейді.

Рассвет компаниясының негізгі қызметіне тоқталсақ, консервілеуден басқа сүтті өңдеу және ірімшік өндірісі. Кәсіпорын тәулігіне 12 тоннаға дейін сүт өңдейді. Өндірістік кооператив таңғы асқа арналған «Сұлтан» және пицца жасауға арналған «Карл» брендімен ірімшіктер шығарады. Өнімдер Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысының аудандарында сатылады.

Осылайша «Рассвет» бүкіл Түркістан облысын таңғы аспен қамтып отыр десек болады. Кәсіпорынның ірімшігі облыста алдыңғы қатарлы сапалы тауарлар тізімен кіреді. «Карл» ірімшіктері денсаулыққа өте пайдалы. Ірімшік – сүтті өңдеуден өткізу арқылы алынатын ең жоғарғы колориялы сіңімді тағам. Ірімшік сиырдың ешкінің және қойдың сүтінен жасалатын тағам. Дайындау кезінде бірнеше кезеңдерден өтеді, нәтижесінде дайын өнім сүтпен салыстырғанда дәмі нәрлігі жағынан өте құнды қасиеттерге ие болады. Ірімшіктің нәрілік құндылығы құрамындағы ақуыз 25 пайызға майлылығы 30 пайызға және амин қышылы калций ,фосфор тұздары қоспалар ерекшеленеді. Ірімшік барлық жастағы адамдар үшін пайдалы. Оның құрамындағы нәрлі заттарды адам организмі 98 -99 пайызға жуық сіңіреді. Ірімшіктің коллориялығы 2500 ден – 4500 ге дейін ккал болады.

Олар толығымен адам организміне сіңеді. Ірімшік  сапасы әртүрлі факторларға тәуелді, ең алдымен, ол қолданылатын шикізат — сүтке байланысты. Ірімшік өндіру үшін қолданылатын  сүтке кальций хлориді ерітіндісін қосады, ол сүттің мәйекті ферментпен ұйытылуын жақсартады.  Дайындалған сүтті 33°С температураға дейін қыздырады да, ашытқы қосады, ал кішкенеден кейін мәйекті фермент қосады. Оның әсерінен сүтте үю процесі жүреді, оның ұзақтығы шикізат түріне байланысты 25—90 мин-қа созылады. Ұйытындыдан сарысудың артық мөлшерін алып тастайды, белгілі бір типті және сапалы ірімшік алу және ары қарай өтетін биохимиялық процестер жүру үшін қажет сарысу мөлшерін қалдырады. Сарысу сонымен бірге сүт қанты көбірек жойылса, ірііімшік жетілудің микробиологиялық процестері баяу жүреді. Ұйытындыны механикалық пышақтармен кеседі, нәтижесіңде сыр дәндері — жұмсақ ақуыз түйірлері түзіледі. Ірімшік  түрлері.  Әлемде бес жүзден астам ірімшік түрлері бар. Соның ішінде мен өзім толық бақылап көрген ірімшіктерім қазақтың ақ ірімшік ,қызыл ірімшік, мәйек ірімшік, Голланд ірімшік,  жұмсақ ірімшік, Ресей  ірішігмі, Швейцар ірімшігі, балқытылған ірімшік.Ірімшіктің қышқыл дәмі, өзіне тән хош исі болады.Тұздалған ірімшіктер қой және сиыр сүтінен, сондай-ақ қой мен сиыр сүтінің қоспасынан жасалады.

Тұздалған ірімшіктер (пісіру және сақтау процесі кезінде оларды тұздыққа салады). Балқытылған ірімшіктер қатты және жұмсақ ірімшіктерден, сүзбеден, сиыр майынан т. б. сүт өнімдерінен өңделіп жасалады. Кейбір балқытылған ірімшіктерді дайындау кезінде, сондай-ақ әртүрлі қоспалар (томат, қақталған балық және т. б.) мен дәмдеуіштер (бұрыш, зире және т. б.) қолданылады. Басқа ірімшіктермен салыстырғанда, балқытылған ірімшік сіңімділеу келеді. Негізгі шикізат түрлеріне, олардың химиялық құрамы мен өндіру технологиясына байланысты. ІріІмшік – қазақтың ұлттық сүт тағамдарының ішіндегі ежелгі, ең көп тараған және адам ағзасы үшін аса маңызды тағам.

Майлы дақылдар мен ет Өзбекстанға экспортталады
200-ден астам сауынды бие асырап отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу