200-ден астам сауынды бие асырап отыр

Oinet.kz 21-09-2024 474

118828659_928416000985104_4070522685413548659_n.jpg

Сайрам ауданында жылқы шаруашылымен айналысатын кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары көбейіп келеді. Көбеюі заңды. Себебі сұраныс көп. Ал сұраныс көп жерде ұсыныс та мол болатыны белгілі. Сайрамдық жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары көпшіліктің сұранысына жауап беру мақсатында өз кәсіптерін жыл сайын кеңейтіп отырады. Сайрамда көптің көңілінен шығып жүрген – «Ынтымақ» шаруа қожалығы бар.

Шаруа қожалықта 200-ден астам сауынды бие мен бірнеше асыл тұқымды көкпар жылқысы бар. – Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін әртүрлі себептерге байланысты мал шаруашылығында асылдандыру жұмыстары артта қалып, малымыздың тұқымдық деңгейін түсіріп алдық, – дейді шаруа қожасы. – Міне, осы олқылықты жолға қою – қазіргі кезде әрбір қазақтың міндеті деп білемін. «Ынтымақ» жылқы шаруашылығында асылдандыру жұмысын жолға қою 7-8 жыл бұрын басталған. Шаруа қожасы алдымен шаруашылықта өсірілетін жылқы табындарын тұқымына, өнімділігіне, тиімділігіне қарай іріктеп, сосын үйірге көңіл бөле бастағанын, жылқы шаруашылығының басқа да қыр-сырын әңгімеледі. Оның айтуынша қазақ халқының жылқыға деген құрметі ерекше. Оның еті ұлттық «Ет» тамағын дайындауда кең пайдаланылады. Ал қымызына деген қазақтың ықыласын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қымыз денсаулыққа пайдалы.

Қымыздың құрамындағы «С» дәрумені сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды. Қуаттандырады. Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді. Саумал қымызды ем ретінде буын ауруларына ішсе тіпті пайдалы. Салданудың алдын алады. Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді. Демек, емізулі балаға да пайдасы орасан. Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына өте пайдалы. Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды. Буын аурулары мен сүйектің қақсауын, жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді. Қымыз адамның физикалық жағдайын оңалтып, тәбетін ашады, ас қорытуды жақсартады. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. Кез келген сүттегі ең бағалы зат - ақуыз. Бие сүтінде ол 1,8 - 2 % болады. Қымызда шамамен 1,3 - 2,0% май бар, бұл сиыр сүтіндегіден 2 есе кем.

«Карл» ірімшіктерін алатын адам көп
«Сауынды жылқы» бизнес жобасымен табысқа кенелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу