«Сауынды жылқы» бизнес жобасымен табысқа кенелді

Oinet.kz 20-09-2024 338

Screenshot_1.jpg

Сайрамда келіндер үйде қарап отыра алмайды. Олар отбасылық бюджетке өз үлестерін қосу үшін аянып қалмайды. Сайрамдық келіндер әрқашан отбасылық кәсіптің бір бөлшегі болып, зор үлесін қосады. Кей келіншектер өздері мемлекеттен несие алып, кәсіптерін бастап та жатады. Сондай келіншектің бірі – Фариза Адилова. Ол бойжеткен шағынан бастап сауынды биеге қызықты. Бие сауып, оның қымызын сатып, пайда тауып жүрді. Бірақ уақыт өте келе бірер биемен үлкен табысқа жетпейтінін түсінді.

2023 жылы өз кәсібін одан әрі дамыту мақсатында 2,5 пайыз жеңілдетілген несие алып “Сауынды жылқы” бизнес жобасымен ұсынып, нәтижесінде несиеге қол жеткізген. Казіргі таңда жылқы басын көбейте отырып (қымыз, саумалы,) өнімдерін өндіріп, өз кәсібін дөңгелетуде. Фаризаның сауған қымызын алғысы келетін ауыл тұрғындарының саны артқан. Олар күнделікті Фаризадан қымыз алдыртады. Фаризаның айтуынша, қымыздың пайдасы зор. Бие сүтінің химиялық құрамын зерттеген ғалымдардың мәліметінше, қымызда А, Ві, Bi2, D, С, Е, F және басқа да дәрумендер бар. Мысалы, бір литр қымызда: А дәрумені мен каротин 0,092-0,690 мг; С дәрумені 86, 94 – 135 мг; аскорбин қышқылы 145 мг көлемінде кездеседі. Қымыз құрамындағы С дәруменінің мөлшері ашу процесімен тікелей байланысты. Медицина ғылымдарының кандидаты В.Ю.Шило мен ғалым Г.Рахимовтың зерттеуінше, бір литр бие сүтінде 99,98 мг С дәрумені бар. Ал ғалым Хабдрахман Дүйсембиннің зерттеулеріне сәйкес, 3-4 жасында бірінші рет құлындаған бие сүтінің құрамында С дәруменінің ең көп мөлшері – 161,2 мг, 15-17 жастағы көп құлындаған бие сүтінде азырақ - 124,2 мг болады. Мұнымен қатар, қымыз күн мен ультракүлгін сәуле әсерінен түзілетін D дәруменіне бай, әсіресе уыз құрамында мол кездеседі. Р.Давидов пен М.Ермакованың зерттеуінше, бір литрінде 0,65-1,05 мг Е дәрумені бар.

Мұнымен қатар, қымызда холестерин алмасуды реттейтін F дәрумені де кездеседі. Сондай-ақ бие сүтінде В тобына жататын тиамин, рибофлавин және пантотен қышқылдары, биотин, фоли қышқылы, Bi2 дәрумені және тағы басқа бар. Бұл дәрумен бірінші кезекте «бери-бери» (жүйке жүйесінің қабынуы) ауруына шалдыққан науқастарға ем. Аталған ауруға шалдыққан науқастың қарын сөлі аз бөлініп, тәбеті нашарлайды, бұлшық еті әлсірейді, ұйқысы қашады және асқынған жағдайда адам сал болып қалады. Бұдан өзге В2 және А дәрумені қосылып көру ағзаларына оң әсерін береді. Ғалымдардың айтуынша, қымызды ашытқан кезде дәрумендер мөлшері біршама өзгереді. Биотин, тиамин, Bi2 дәрумендерінің мөлшері азайса, пантотен қышқылы азаяды, ал рибофлавин, фоли қышқылы сол күйінде қалады. Профессор Н.К.Горяев бие сүтінің адам ағзасына оң әсерін тигізуі туберкулезді емдеуге көмегі мол кальций тұзының көптігімен байланысты болуы мүмкін екенін айтқан. Қымыздағы кальцийдің жартысына жуығы сүт ақуызының құрамына кіретіндіктен, ағзаға жылдам әрі толық сіңеді. Кальций ағзадағы минералдардың алмасуына әсер етіп, өкпе туберкулезінен пайда болған қуыстарда ізбес тұздарының жиналуына себепші болады.

200-ден астам сауынды бие асырап отыр
АЭС - халық үшін тиімді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу