Түркістанда индустриалды парк бой көтереді
Түркістанда Қазақстан-Қытай индустриялық паркі ашылады. Онда энергетикалық жабдықтар мен энергетика бұйымдарын шығару бойынша өндіріс кешені орналасатын болады. Индустриалды парк қала үшін едәуір жаңалық болаптыны, сонымен қатар шаһар экономикасын біршама көтерері анық.
"Түркістан" индустриялық аймағында салынатын энергетикалық жабдықтар мен энергетика бұйымдарын шығаратын Қазақстан-Қытай индустриалдық паркінің құны $524 миллиард теңгеге бағаланып отыр.
Түркістанда энергетикалық жабдықтар мен энергетика бұйымдарын шығаратын Қазақстан-Қытай индустриалды паркі құрылады. "Түркістан" индустриялық аймағында осы нысанның құрылысы туралы меморандумға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Түркістан облысы әкімдігі мен KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK GROUP қытай компаниясы арасында қол қойылды. Жобаның құны - $ 524 млрд....
Көптеген ішкі зауыттардан тұратын өнеркәсіптік парк энергетикалық кластер болады. Энергетикалық жабдықтар мен энергетика бұйымдарын шығару жөніндегі өндіріс кешенінің бір жерде шоғырлануында және жобаның бірегейлігі бар. Қазақстанда электр жабдығының тозуының жоғары дәрежесіне байланысты мұндай технопарктің пайда болуы өте өзекті.
"Түркістан" индустриялық аймағында жобаны іске қосу нәтижесінде электр моторлары, генераторлар, трансформаторлар, электр тарату және бақылау аппаратуралары, батареялар мен аккумуляторлар, электр сымдары мен электр өткізгіш аспаптар, электр жарықтандыру жабдықтары, тұрмыстық аспаптар, электр, жылу энергиясына және дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздеріне арналған жабдықтар өндіретін болады.
Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдер Қазақстаннан басқа, Орта Азия, Кеден одағы, ҚХР және де Еуропаға жеткізілетін болады. Өндіріс орны 8 мыңнан астам жұмыс орнын қамтуы мүмкін деп жоспарлануда.
Жобаны іске асыру мерзімі – 2019-2022 жылдар аралығы деп болжануда.